KZ
RU
EN
23 қазан 2026, 00:17
KZ
RU
EN
Кіру
22.10.2026 12:08 #Корпоративтік уақиғалар

Батуми теңіз порты 2026 жылдың тоғыз айында жүк тасымалдау көлемін 13 %-ға арттырды

/KASE, 22.10.26/ – "ҚазТрансОйл" (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылдың тоғыз айында Батуми теңіз портының айлақтары арқылы ауыстырып тиелген жүктің жалпы көлемі 6 млн 250 мың тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары.

Оң динамика контейнерлік, құрғақ, паромдық және мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 434 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті.

Контейнерлік жүк айналымында айтарлықтай өсім байқалды. Есепті кезеңде контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 2 млн 984 мың тоннаға жетті. Бұл 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 17%-ға артық.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-10-22]