Грузиядағы "ҚазТрансОйл" АҚ өндірістік активі 2026 жылдың тоғыз айында энергия тиімділігінің өсуіне қол жеткізді
/KASE, 21.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылдың 9 айында "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес ұйымы – "Батуми мұнай терминалы" ЖШС электр энергиясын тұтынуды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1%-ға, ал табиғи газды тұтынуды 41,8%-ға қысқартты.
Атап айтқанда, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 8 млн 585 мың кВт·сағ электр энергиясын тұтынса, осы жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 6 млн 599 мың кВт·сағ құрады. Осылайша, электр энергиясын тұтыну көлемі 1 млн 986 мың кВт·сағқа азайды.
Айталық, 2025 жылдың 9 айында Батуми мұнай терминалы 9 млн 501 мың м³ табиғи газ тұтынған болса, осы жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 5 млн 527 мың м³-ті құрады. Нәтижесінде табиғи газды тұтыну көлемі 3 млн 974 мың м³-ке қысқарды.
Сонымен қатар Батуми мұнай терминалында мұнай өнімдерінің барлық түрін ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы электр энергиясының үлестік шығыны 2025 жылдың есепті кезеңіндегі 3,08 кВт·сағ/тонна көрсеткішінен 2,29 кВт·сағ/тоннаға дейін төмендеді. Төмендеу шамамен 26%-ды құрады.
Жүк ауыстырып тиеудің әр тоннасына шаққандағы газдың үлестік шығыны да 2025 жылдың 9 айындағы 6,59 м³/тоннадан 4,62 м³/тоннаға дейін азайды. Бұл көрсеткіш шамамен 30%-ға төмендеді.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-10-21]