20 қазан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қазанда болатын МЕОКАМ KZK200000760 (MOM048_0056) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 20.10.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 22 қазанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) KZK200000760 (MOM048_0056) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 49 764 958 000 KZT өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 104,9504 % (кірістілік – жылдық 14,75 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа саралнған таза баға номиналдың 105,0201 % құрады (кірістілік – жылдық 14,72 %).
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 22 қазанда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2,8 жыл МЕОКАМ KZK200000760 (MOM048_0056) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды ссылке толығырақ
[2026-10-20]