"ҚазТрансОйл" АҚ "Павлодар – Шымкент" мұнай құбырының жаңа учаскесін қосты
/KASE, 20.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ "Мойынты – Қызылжар" жаңа теміржол желісімен қиылысатын тұста, "Павлодар – Шымкент" магистральдық мұнай құбырының 822-шақырымындағы қайта салынған учаскені қосуды аяқтады.
Жаңа теміржол желісі – Қазақстанның теміржол желісін дамытуға, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жоба. Салынып жатқан теміржол бағыты қолданыстағы мұнай құбырын кесіп өтетіндіктен, екі инфрақұрылым нысанының да қауіпсіз пайдаланылуына қойылатын талаптарды ескере отырып, құбырдың тиісті учаскесін техникалық тұрғыдан қайта салу қажет болды.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспаөсз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспаөсз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспаөсз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-10-20]