20 қазаннан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00011914 (MFOKb22) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 20.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 қазанынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00011914 (MFOKb22) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (20 қазан – өтеу кезінде тіркелген күні).
2026 жылдың 20 қазанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 93 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-20]