KZ
RU
EN
17 қазан 2026, 11:05
KZ
RU
EN
Кіру
16.10.2026 17:21 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың тоғыз айында энергия ресурстарын тұтынуды 2,5 %- ға азайтты

/KASE, 16.10.26/ – "ҚазТрансОйл" (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ энергияның барлық түрлерін тұтыну көлемін 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 мың 260 тонна шартты отынға (т.ш.о.) немесе 2,5%-ға азайтты.

Сонымен қатар, осы жылдың 9 айында мұнай жүк айналымына шаққандағы энергияның үлестік шығыны 1 млн тонна*км-ге 3,3 т.ш.о. құрады. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 3,4 т.ш.о. болған.

Есепті кезеңде энергияның үлестік шығынын төмендету нәтижесінде алынған экономикалық тиімділік 354 млн 919 мың теңгені құрады.

Бұдан бөлек, осы жылдың 9 айында "ҚазТрансОйл" АҚ бензин мен дизель отынын тұтынуды айтарлықтай қысқартты. Атап айтқанда, бензин шығыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5 тоннаға немесе 15%-ға, ал дизель отынының шығыны 293,5 тоннаға немесе 11,6%-ға азайды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-10-16]