KZ
RU
EN
17 қазан 2026, 11:05
KZ
RU
EN
Кіру
16.10.2026 16:35 #Қаржы құралдары

19 қазаннан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00019037 (MFBLb12) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

/KASE, 16.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 19 қазанынан бастап "Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00019037 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb12; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 14.10.26 – 14.10.29; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-16]