KZ
RU
EN
14 қазан 2026, 23:48
KZ
RU
EN
Кіру
14.10.2026 15:55 #Индекстер мен индикаторлар

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ 04 ҚАРАШАСЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

/KASE, 14.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер және индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылдың 14 қазанындағы шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – Тізім) анықталғаны туралы хабарлайды.

Көрсетілген шешімге сәйкес 2026 жылдың 04 қарашасынан бастап KASE Индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.

-------------------------------------------------------------------------

      Акция                                    ------ --------- ---------
# р/с коды      ISIN     Эмитент               Fi, %*       Ri* Үлесі, %*
----- ----- ------------ --------------------- ------ --------- ---------
  1   AIRA  KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ         58,8 1,0000000      10,6
  2   CCBN  KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ   36,3 0,5702598      13,7
  3   HSBK  KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық        38,0 0,1091373      12,7
                         Банкі" АҚ
  4   KCEL  KZ1C00000876 "Кселл" АҚ              34,1 0,7926800      12,8
  5   KEGC  KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ               15,0 1,0000000       4,5
  6   KMGZ  KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК" АҚ   12,2 0,0681713      13,4
  7   KSPI  KZ1C00001536 "Kaspi.kz" АҚ           33,9 0,0573510      13,5
  8   KZAP  KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп"      25,0 0,0839758      12,0
                         ҰАК" АҚ
  9   KZTK  KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ        8,7 1,0000000       3,2
 10   KZTO  KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ        10,0 1,0000000       3,8
-------------------------------------------------------------------------
*Fi, Ri, үлес параметрлері 2026 жылдың 13 қазанындағы жағдай бойынша
көрсетілген.

Комитеттің 2026 жылдың 02 қарашасындағы шешімі күшіне енгенге дейін Fi, Ri параметрлері және үлесі 2026 жылдың 30 қазанындағы сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша қалыптасқан акциялардың бағасына және 2026 жылдың 01 қазанындағы еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.

Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат 2026 жылдың 02 қарашасында жарияланады.

КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.

Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.

Ri – шектеу коэффициенті – әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,13 (13%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.

Fi – Биржаның Директорлар кеңесі бекітетін Листингілік ережелерге сәйкес анықталатын еркін айналымдағы акциялар санының 01.07.2026 жылдағы жағдай бойынша айналымдағы акциялардың жалпы санына қатынасы. Пайызбен көрсетіледі.

Доля – KASE Индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-14]