KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:29
KZ
RU
EN
Кіру
13.10.2026 17:50 #Қаржы құралдары

13 қазаннан бастап "Lender" МҚҰ" ЖШС KZ2P00020076 (MFLNb3) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 13.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 12 қазанында "Lender" МҚҰ" ЖШС (Ақтөбе) KZ2P00020076 (MFLNb3; 1 000 KZT, 1,0 млрд KZT; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 13 қазанынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 29 қазанында тіркелген 5,0 млрд KZT сомасына "Lender" МҚҰ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде үшінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-13]