KZ
RU
EN
14 қазан 2026, 04:06
KZ
RU
EN
Кіру
13.10.2026 15:28 #Қаржы құралдары

14 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 (US108_2701) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 13.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 қазанынан бастап есептесу күні 2026 жылдың 14 қаңтарында және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US108_2701) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла туратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2027 жылдың 18 қаңтарында қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттықты өткізу ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауы, 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, аталған облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу үшін тізілімді тіркеуге қатысты ақпараттың келіп түсуіне байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-10-13]