"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың тоғыз айында мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтты
/KASE, 12.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2026 жылдың 9 айындағы мұнайды тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 35 млн 809 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 34 млн 392 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2025 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 4%-ға жоғары.
Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 34 млрд 425 млн тонна-километрді құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты.
"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 26 млрд 677 млн тонна-километрді құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1%-ға жоғары.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-10-12]