KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:28
KZ
RU
EN
Кіру
09.10.2026 11:44 #Нормативтік база

KASE Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелерін түзетулермен жариялады

/KASE, 09.10.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы шешімімен 2026 жылдың 07 қазанынан бастап қолданысқа енгізілген "Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері" атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер эмитенттердің ақпаратты ашу тәртібін одан әрі жетілдіруге, ақпаратты берудің ашықтығы мен уақтылығын арттыруға, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған.

Негізгі өзгертулердің бірі – мерзімді есеп берудің жаңа тәртібі. KASE шешімімен есептілікті берудің белгіленген мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі алынып тасталады және есептілікті берудің белгіленген мерзімін сақтамау бұзушылық ретінде сараланады.

Бір мезгілде эмитенттің есептілікті уақтылы ұсынбау себептерін ашу міндеті енгізіледі. Кідіріс туралы ақпарат кез келген жағдайда нарықтың назарына: немесе кідіріс себептерін көрсете отырып, эмитенттің хабарламасы арқылы немесе KASE хабарламасы арқылы жеткізіледі. Нақты есеп бойынша кідіріс туралы нарықты уақтылы хабардар ету кезінде тиісті есептілікті берудің кейінгі кешіктірілу ұзақтығына қарамастан бір бұзушылықтан аспайтыны тіркеледі.

Бұдан басқа, 2026 жылдың 08 қазанынан бастап KASE эмитенттің акциялары мен, әрқайсысына эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санының 10 % және одан астамына тиесілі болатын, акционерлері туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде жариялайтын болады. Бұл ретте инвесторларды эмитенттерді иелену құрылымы туралы неғұрлым толық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында эмитенттің жылдық есебінің құрамында акционерлер туралы ақпаратты ашу үшін 5 % шегі сақталады.

№ 8 өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, Бағалы қағаздардың рұқсаттама бастамашыларының ақпаратты ашу ережелері Биржаның интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша орналастырылған толығырақ

Сонымен қатар, ақпаратты ашу тәртібіндегі өзгертулерге арналған оқыту бейнеролигімен танысуды ұсынамыз – толығырақ

[2026-10-09]