KZ
RU
EN
9 қазан 2026, 07:49
KZ
RU
EN
Кіру
08.10.2026 17:00 #Қаржы құралдары

09 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Самұрық-Қазына " ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ облигацияларының үш шығарылымы бойынша сауда-саттық ашылады

/KASE, 08.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 қазанынан бастап KASE-де "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ келесі облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды:

1) KZ2C00020121 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb37; 1 000 KZT, 65,0 млрд KZT; 02.10.26 – 02.10.41; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + маржа 1,00 %; 30/360);

2) KZ2C00020139 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb38; 1 000 KZT, 76,0 млрд KZT; 02.10.26 – 02.10.41; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + маржа 1,00 %; 30/360);

3) KZ2C00020147 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, SKKZb39; 1 000 KZT, 76,0 млрд KZT; 02.10.26 – 02.10.41; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + маржа 1,00 %; 30/360).

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-10-08]