09 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 08.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 қазанынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдеріндегі репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 06 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc. US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE- де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 09 қарашасынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-10-08]