08 қазаннан бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00016793 (MFMOb41) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
/KASE, 07.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 08 қазанынан бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС KZ2P00016793 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb41; $100, $4,0 млн; 30.09.26 – 30.09.28; ай сайынғы купон, жылдық 11,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын хабарлайды
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-07]