KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:29
KZ
RU
EN
Кіру
07.10.2026 16:38 #Нормативтік база

06 қазаннан бастап көміртегі бірліктері саудасын ұйымдастыруға байланысты KASE бірқатар ішкі құжаттарына түзетулер қолданысқа енгізілді

/KASE, 07.10.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 06 қазанындағы және KASE Басқармасының 2026 жылдың 01 қазанындағы шешімдерімен KASE ішкі құжаттарына мынадай түзетулер бекітілді:

1) Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелеріне № 1 өзгертулер мен толықтырулар;

2) "Қазақстан қор биржасы" АҚ-нда айналымға рұқсат етілген қаржы құралдары тізімінің құрылымы мен құрамы туралы қағидаға № 1 толықтыру;

3) Мүшелік жарналар, биржалық және клирингілік алымдар туралы, кепілмен қамтамасыз етуді есепке алу үшін комиссия туралы қағидаға № 25 өзгертілер мен толықтырулар;

4) Мәмілелер жасасу ережелеріне № 2 өзгертулер мен толықтырулар;

5) Сауда-клирингілік шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібіне № 1 өзгертулер мен толықтырулар;

6) "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 1 өзгерту пен толықтырулар;

7) Негізгі шартты белгілердің глоссарийіне № 1 қосымша.

Түзетулер 2026 жылдың 06 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

Түзетулер KASE бастапқы және қайталама нарықтарында көміртегі бірліктері түріндегі қамтамасыз ету пулымен клирингілік қатысу сертификаттарымен сауда-саттық жасауды ұйымдастыруға байланысты енгізілді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ (закладка "Торги").

[2026-10-07]