KZ
RU
EN
6 қазан 2026, 21:38
KZ
RU
EN
Кіру
06.10.2026 16:21 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл "АҚ S&P Global Ratings агенттігінің компанияның ұзақ мерзімді рейтингін "ВВВ" деңгейіне көтергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

/KASE, 06.10.26/ – "КазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 5 қазанда S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі "ҚазТрансОйл" АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін "BBB-" деңгейінен "BBB" деңгейіне дейін көтерді, болжам – "Тұрақты".

S&P Global Ratings баспасөз-релизіне сəйкес рейтингті көтеру туралы шешім Қазақстан Республикасының елдік тəуекелінің төмендеуін жəне "ҚазТрансОйл" АҚ-тың тұрақты операциялық көрсеткіштерді сақтауын ескере отырып қабылданды.

"ҚазТрансОйл" АҚ рейтингі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бас ұйымының рейтингісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егеменді рейтингіне ("BBB") сəйкес келеді.

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-10-06]