KASE Ring the Bell for Financial Literacy рәсімін өткізді
/KASE, 05.10.26/ –Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылдың 05 қазанында қаржылық сауаттылықты арттыруға және жауапты инвестициялық мінез-құлықты дамытуға бағытталған Ring the bell for Financial Literacy халықаралық бастамасы шеңберінде бірқатар білім беру іс- шараларының ресми ашылуы өтті.
Іс-шара қаржы нарығының, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, білім беру қоғамдастығының өкілдерін, Биржаның серіктестерін және KASE Academy білім беру бастамаларының қатысушыларын біріктірді.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатысушыларға сөз сйледі:
- Ерулан Кенжебекович Жамаубаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары;
- Giacomo Giannetto, Азия даму банкінің өкілі;
- Дмитрий Казанцев, салық және қаржылық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы;
- Марина Образцова, Narxoz Business School директоры.
KASE атынан қатысушыларды Chief People Officer KASE басқарушы директоры Махаббат Ермекбаева қарсы алып сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қаржылық сауаттылықты дамытудың, халықтың инвестициялық хабардарлығын арттырудың және капитал нарығы саласындағы сапалы білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ашылудың орталық бөлігі биржалық гонг соғу дәстүрлі рәсімі – Ring The Bell for Financial Literacy болды. KASE өкілдерімен бірге салтанатқа іс шараның құрметті қонақтары қатысты.
Рәсім қаржылық, Мемлекеттік және білім беру қоғамдастығының қаржылық сауаттылықты, инвестициялық мәдениетті және жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауды дамытудағы бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
Ресми бөлімнен кейін KASE Academy семинары өтті, оның аясында қатысушылар қаржылық сауаттылық пен инвестициялаудың практикалық мәселелерін талқылады, сондай-ақ сұрақтар қоюға және сарапшылармен пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Ашылу KASE Academy білім беру іс-шараларының сериясының бастамасы болды. 06-09 қазан аралығында қаржы нарығы сарапшыларының қатысуымен бірінші инвестициялық портфельді қалыптастыруға, негізделген инвестициялық шешімдер қабылдауға, жеке инвестордың активтерін бөлуге және цифрлық ортада қаржылық алаяқтықтан қорғауға арналған тақырыптық сессиялар жоспарланған.
KASE Academy білім беру іс-шараларына қатысу қаржы нарығының сарапшыларынан тікелей практикалық білім алуға, заманауи инвестициялық құралдарды жақсы түсінуге және жеке қаржыны басқаруға неғұрлым саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
KASE Академиясының сайты үш тілде мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
[2026-10-05]