05 қазаннан бастап KASE Академиясының ресми сайты іске қосылды
/KASE, 05.10.26/ – 2026 жылдың 05 қазанынан бастап KASE Академиясының білім беру бағдарламаларын, іс-шараларын, материалдары мен жобаларын біріктіретін KASE Академиясының ресми сайты – бірыңғай ақпараттық алаң жұмысын бастайды.
KASE Академиясының сайты үш тілде мына сілтеме бойынша қолжетімді – толығырақ
Жаңа сайт пайдаланушыларға бір жерде KASE Академиясының білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға және оның бастамаларының дамуын бақылауға мүмкіндік береді.
Сайтта:
- KASE академиясының алдағы оқу іс шараларымен және бағдарламаларымен таныса аласыз;
- оқытудың негізгі бағыттары туралы ақпарат ала аласыз;
- LMS KASE Academy-ге өтіп, білім беру курстарына, материалдарға және іс-шаралар жазбаларына қол жеткізе аласыз;
- өткен іс-шаралар туралы ақпаратпен және қолжетімді білім беру материалдарымен таныса аласыз;
- шақырылған спикерлер, сараптамалық сессиялар және білім беру жобалары туралы көбірек біле аласыз;
- KASE Академиясының кейс-чемпионаттарын, конкурстарын және басқа да бастамаларын қадағалай аласыз;
- жаңа білім беру мүмкіндіктері туралы өзекті жаңалықтар мен хабарландырулар ала аласыз.
Сайтты іске қосу KASE Academy білім беру экожүйесін дамытудың кезекті кезеңі болып табылады. Алаң алдағы іс-шаралармен танысудан бастап онлайн-курстардан өтуге және жаңа жобаларға қатысуға дейін KASE Академиясының білім беру өнімдеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесі болуға арналған.
[2026-10-05]