KZ
RU
EN
6 қазан 2026, 05:48
KZ
RU
EN
Кіру
05.10.2026 16:06 #Корпоративтік уақиғалар

KASE өзінің интернет-ресурсында қыркүйек айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласына Freedom Holding Corp. компаниясының PMI шолуын жариялады

/KASE, 05.10.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2026 жылдың қыркүйек айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірлері келтірілген:

"Қызмет көрсету саласы Қазақстанның жеке секторын тұрақтандырушы негізгі фактор болып қала береді. Алайда қыркүйектегі іскерлік белсенділіктің өсуі, алдыңғы айдағыдай, өңдеу өнеркәсібіндегі құлдырауды өтеуге жеткіліксіз болды. Нәтижесінде жиынтық PMI төмендеуін жалғастырып, екінші ай қатарынан 50 тармақтық бейтарап деңгейден төмен қалды. Төлем қабілеті бар сұраныстың әлсіздігі аясында қызмет көрсету саласындағы шығындар инфляциясы компаниялардың маржиналдылығына қысымды күшейтті, әсіресе тұтынушылық қызметтерде. Қаңтар–тамыз айларына арналған қолда бар соңғы ресми деректер сауда мен көліктегі оң динамиканың сақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар PMI нәтижелері бойынша көлік және қоймалау сегментіндегі динамиканың әлсіреуі ерте белгі болуы мүмкін, оны ресми статистикада растау үшін уақыт қажет. Бизнестің алдағы жылға қатысты күтулері біршама жақсарды, бұл неғұрлым айқын салқындау қаупін азайтады, алайда рентабельділік мәселелері мен сұраныс динамикасы қысқа мерзімді перспективада сектордың кеңеюін тежеуі мүмкін".

Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ

Орыс тіліндегі шолу – толығырақ

Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ

[2026-10-05]