KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:28
KZ
RU
EN
Кіру
05.10.2026 12:43 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Құмкөл" БМАС-да екі резервуардың құрылысын аяқтады

/KASE, 05.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының "Құмкөл" бас мұнай айдау станциясында (БМАС) әрқайсысының көлемі 10 мың текше метр болатын №5 және №6 тік болат резервуарларының құрылысын аяқтады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде "Құмкөл" БМАС резервуарлар паркі 40 мыңнан 60 мың текше метрге дейін ұлғайтылды. Қосымша сыйымдылық станцияның мұнайды қабылдау және тапсыру жөніндегі технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Жаңа резервуарлар заманауи бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жүйелерімен, түптік шөгінділерді шаю, автоматты өрт сөндіру және дабыл беру жүйелерімен, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайтуға арналған газ теңестіру жүйесімен жабдықталған.

Резервуарлардың металл конструкцияларын коррозиядан қорғау үшін резервуар түбінің астына орналастырылған ұзын иілгіш анодтар, сондай-ақ түптің ішкі бетін және қабырғаларын қорғауға арналған протекторлар қолданылды. Бұдан бөлек, резервуарлардың ішкі және сыртқы беттеріне заманауи антикоррозиялық материалдарды пайдалана отырып сырлау жұмыстары жүргізілді..

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-10-05]