KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:29
KZ
RU
EN
Кіру
05.10.2026 12:41 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Индер" ЖЗҚ тазалау және диагностика құралдарын іске қосу және қабылдау камерасын пайдалануға берді

/KASE, 05.10.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының 869,303 шақырымында орналасқан "Индер" мұнай айдау станциясында (МАС) тазалау және диагностика құралдарын (ТДҚ) іске қосу және қабылдау камераларын монтаждау және қосу жұмыстарын аяқтады.

Жаңа ТДҚ камераларын қолданыстағы магистральдық мұнай құбырына қосу үшін мамандар ұзындығы 159 метр учаскеде бірқатар технологиялық жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, мұнай құбырындағы қысым түсіріліп, мұнай Т.Қасымов атындағы МАС-тың резервуарлық паркіне айдалды. Одан кейін камералар қосылып, учаске мұнаймен қайта толтырылып, пайдалануға берілді. 2025 жылы "Индер" МАС ТДҚ іске қосу және қабылдау камералары алаңындағы технологиялық нысандар кешені құрылысы аяқталды.

Жұмыстарды орындауға "ҚазТрансОйл" АҚ Атырау және Ақтөбе мұнай құбыры басқармаларының қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың 142 маманы, сондай-ақ автокөлік және арнайы техниканың 35 бірлігі жұмылдырылды.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-10-05]