05 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015964 (KZIKb44) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 05.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 қазанынан бастап "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015964 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb44; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 24.09.26-24.09.30; жылдық купон, жылдық 16,10%; 30/360) әлеуметтік облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-05]