KZ
RU
EN
2 қазан 2026, 17:17
KZ
RU
EN
Кіру
02.10.2026 15:57 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың қыркүйек айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 02.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолуды ұсынады.

2026 жылдың қыркүйек айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 72 эмитенттің 85 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атауындағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.

2026 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 48,0 трлн KZT ($109,3 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 2,2 трлн KZT немесе 4,4 %-ға төмен.

--------------------------------------------------------------
                        30 қыркүйек   31 тамыз
                               2026       2026        Δ   Δ, %
----------------------- ----------- ---------- -------- ------
Капитализация, млрд KZT   48 029,02  50 242,01 -2 213,0   -4,4
Капитализация, млн USD   109 313,38 108 100,81 +1 212,6   +1,1
--------------------------------------------------------------

2026 жылдың қыркүйек айында акциялармен сауда-саттық көлемі 22,0 млрд KZT құрап, тамыздың қатысты 9,7 %-ға немесе 2,3 млрд KZT төмендей отырып. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,0 млрд KZT, мәмілелердің орташа күндік саны – 10 077, бір мәміленің орташа көлемі – 99,1 мың KZT құрады. қыркүйекте акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өтті.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары тұрғысынан ең белсенді жеке тұлғалар болды, олардың үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 55,4 %-ы тиесілі болды, банктердің үлесіне – 0,6 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 21,7 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 1,8 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 20,4 %. Бейрезиденттердің үлесі 7,8 % құрады.

KASE Индексінің мәні қыркүйек айында 4,01 % төмендеді, айдың соңына қарай 7 795,44 тармақты құрады.

2026 жылдың қыркүйек айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 20,5 млрд KZT құрады, бұл тамыздың айындағы көрсеткіштен 0,8 млрд KZT төмен. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі – 5,6 млрд KZT (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 27,3 %) "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына келді.

-------------------------------------------------------------------------------------------
                            Соңғы мәміленің бағасы,    Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
                                    бір акцияға KZT                 млн KZT        млрд KZT
         Free ------------------------------------- ----------------------- ---------------
       float,                            с 01.01.26
            % 30 қыркүйек  31 тамыз  Δ, %       Δ, % қыркүйек    тамыз  Δ, %        30.09.26
------ ------ ---------- --------- ----- ---------- -------- -------- ----- ---------------
KZTO     10,0   1 305,00  1 194,06  +9,3      +37,4  1 313,4  1 303,4  +0,8           499,2
KEGC     15,0   1 517,00  1 473,87  +2,9       -2,4  1 422,8  1 631,9 -12,8           418,1
KMGZ     12,2  35 799,99 35 264,99  +1,5      +64,8  2 292,4    733,2  x3,1        21 816,1
CCBN     36,3   4 845,99  4 818,92  +0,6       +4,0  1 875,6  1 120,0 +67,5           845,3
KCEL     34,1   3 164,05  3 165,64  -0,1       -6,5     39,7  1 711,1 -97,7           633,6
KZTK      8,7  44 548,01 44 828,60  -0,6       +2,7    439,4    982,7 -55,3           485,7
HSBK     38,1     376,30    387,91  -3,0       +1,3  4 485,2  7 338,5 -38,9         4 115,3
AIRA     58,8     670,10    707,01  -5,2      -26,4  1 046,9    509,5  x2,1           239,1
KSPI     37,9  42 880,78 48 508,08 -11,6       +6,2  1 942,7  2 326,3 -16,5         8 140,7
KZAP     25,0  29 380,00 34 586,98 -15,1       +4,7  5 618,4  3 617,6 +55,3         7 679,6
Индекс      –   7 795,44  8 121,46  -4,0      +10,9 20 476,4 21 274,2  -3,8               –
KASE
-------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияның капитализациясы

[2026-10-02]