01 қазаннан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00011729 (MFSLb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 01.10.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 01 қазанынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00011729 (MFSLb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (01 қазан – өтеу кезінде тіркелген күні).
2026 жылдың 01 қазанынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 94 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-10-01]