KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:27
KZ
RU
EN
Кіру
30.09.2026 12:15 #Қаржы құралдары

30 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Қостанай облысының жергілікті атқарушы органы облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 30.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) KZMJ00002269 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK120_226);

2) KZMJ00002475 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK120_247).

Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауы 77 тармағының 1) тармақшасына сәйкес KASE көрсетілген облигацияларды толық мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарлама алуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-09-30]