KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:27
KZ
RU
EN
Кіру
30.09.2026 09:28 #Қаржы құралдары

30 қыркүйектен бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ облигацияларының бес шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 30.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00020287 (IDFRb11; 1 000 KZT, 20,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);

2) KZ2C00020360 (IDFRb12; 1 000 KZT, 20,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);

3) KZ2C00020378 (IDFRb13; 1 000 KZT, 20,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);

4) KZ2C00020386 (IDFRb14; 1 000 KZT, 20,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);

5) KZ2C00020394 (IDFRb15; 1 000 KZT, 20,0 млрд KZT; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360).

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2026 жылдыңы 23 қыркүйегінде 200,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші-бесінші болып табылады.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ мына ақпарат сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-30]