KZ
RU
EN
1 қазан 2026, 15:55
KZ
RU
EN
Кіру
30.09.2026 11:15 #Қаржы құралдары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облигациялары XS2050933899 (KZ_14_2609) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталды

/KASE, 30.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 30 қыркүйек бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі облигациялары XS2050933899 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_14_2609; 500,0 млн евро; 30.09.19 – 30.09.26; жылдық купон, жылдық 0,60 %; actual/actual) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алып тасталғанын хабарлайды. Көрсетілген облигациялар 2020 жылғы 15 мамыр бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілген. Олар бойынша сауда-саттық 2020 жылғы 18 мамыр бастап ашылған болатын. [2026-09-30]