KZ
RU
EN
29 қыркүйек 2026, 21:46
KZ
RU
EN
Кіру
29.09.2026 17:28 #Қаржы құралдары

30 қыркүйектен бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00020019 (FPSTb14) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 29.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00020019 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb14; 1 000 KZT, 2,0 млрд KZT; 22.09.26 – 22.09.27; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-29]