30 қыркүйектен бастап KASE АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымымен сауда саттықты тоқтата тұрады
/KASE, 29.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, US912828YX25 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US105_2612);
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, US91282CDP32 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US106_2812), сауда саттық 2027 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады;
3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, US91282CCH25 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US191_2806), сауда саттық 2027 жылдың 05 қаңтарынан бастап қайта басталады.
KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады
[2026-09-29]