KZ
RU
EN
29 қыркүйек 2026, 21:47
KZ
RU
EN
Кіру
29.09.2026 14:21 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 29.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 қазаны аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластарындағы бағалы қағаздар тізіміне 93 атаудағы бағалы қағаздар кіреді. 2026 жылдың қыркүйегіне құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "ЦентрКредит-Валютный" ИИПҚ KZPF00000058 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCI_cc) пайлары;

2) The Boeing Company US0970231058 ("KASE Global" секторы, BA_KZ) жай акциялары;

3) State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF US81369Y3080 ("KASE Global" секторы, XLP_KZ) ETF;

4) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "harMONEY" ИИПҚ KZPF00000124 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIhm) пайлары;

5) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "doSTAR" ИИПҚ KZPF00000173 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIds) пайлары.

2026 жылдың қыркүйегінде құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен шығарылды:

1) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары;

2) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;

3) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Қазынашылық" КИПҚ KZPF00000280 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECtf) пайлары;

4) QUALCOMM Inc. US7475251036 ("KASE Global" секторы, QCOM_KZ) жай акциялары;

5) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Сентрас - Жаһандық нарықтар" ИИПҚ KZPF00000033 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECgm) пайлары;

6) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allEM" ИИПҚ KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) пайлары;

7) iShares Ethereum Trust ETF US46438R1059 ("KASE Global" секторы, ETHA_KZ) ETF.

2026 жылдың қазан айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет-ресурсында сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

2026 жылдың қыркүйек айына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы бағалы қағаздардың тізімдері KASE интернет- ресурсында сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-29]