KZ
RU
EN
18 қазан 2026, 03:28
KZ
RU
EN
Кіру
29.09.2026 10:11 #Индекстер мен индикаторлар

01 ҚАЗАННАН KZGB_CPm1m ЖӘНЕ KZGB_DPm1m ИНДЕКСТЕРІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМ 56 АТАУДАҒЫ МБҚ ТҰРАТЫН БОЛАДЫ

/KASE, 29.09.26/ – 2026 жылдың 01 қазанынан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеу үшін өкілдік тізім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) 56 атауынан тұратын болады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – сатып алынған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін өтеу мерзімі 31 күннен және одан жоғары МБҚ "таза" бағаларының баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күннен асатын МБҚ жиынтық табысының баға индексі (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып);

3) KZGB_Ym1m – кірістілік көрсеткіші, жылдық пайызбен;

4) индекстің дюрациясы, жылдармен;

5) индекстің түрлендірілген дюрациясы.

Көрсетілген индекстерді есептеу үшін 2026 жылдың қазанына өкілдік тізім 2026 жылдың 28 қыркүйегіндегі кешке (осы тізім күшіне енген күнге дейін үш жұмыс күні бұрын) қалыптасқан МБҚ параметрлерін ескере отырып қалыптастырылды.

Өкілдік тізім 2026 жылдың 01 қазанында мына бетте жарияланады толығырақ (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі).

[2026-09-29]