28 қыркүйектен бастап BI Development Ltd. жеке компаниясының облигацияларының төрт шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 28.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 28 қыркүйегінде BI Development Ltd. (Астана) жеке компаниясының келесі облигацияларының негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2D00019957 (BIGDb13; $100, $15,0 млн; 2 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);
2) KZ2D00019965 (BIGDb14; $100, $15,0 млн; 2 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);
3) KZ2D00019973 (BIGDb15; $100, $15,0 млн; 3 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360);
4) KZ2D00020054 (BIGDb16; 1 000 KZT, 15,0 млрд KZT; 2 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
KZ2D00019957, KZ2D00019965 және KZ2D00019973 облигацияларының шығарылымдары 2025 жылдыңы29 тамызында 100,0 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген BI Development Ltd. жеке компаниясының төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші, үшінші және төртінші болып табылады.
KZ2D00020054 облигацияларының шығарылымы 2025 жылдың 29 тамызында 100,0 млрд KZT сомасына тіркелген BI Development Ltd. жеке компаниясының үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады.
BI Development Ltd жеке компаниясының қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest "АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-09-28]