KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Баланс (50/50)" ИИПҚ KZPF00000520 (HFINhs) пайларының номиналды құны туралы ақпарат өзгертілді және олармен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 28.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы "Баланс (50/50)" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000520 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhs) пайлары бойынша келесі ақпарат өзгертілгені туралы хабарлайды:
- пайдың номиналды құны 100 доллардан 1 долларға өзгертілді;
- пайларды сатып алу шарттары мен тәртібі өзгертілді.
аталған пайлармен 2026 жылдың 28 қыркүйегінен бастап KASE сауда- саттығы қайта басталды, олар 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұрын "21 қыркүйектен бастап KASE-де "Баланс (50/50)" ИИПҚ KZPF00000520 (HFINhs) пайларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" тақырыбындағы KASE жаңалықтары жарияланған болатын – толығырақ
[2026-09-28]