28 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 25.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 28 қыркүйегiнен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жүргізілетін, есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін, репо операциялары бойынша Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 19 қазанынан бастап қайта басталады.
KASE-нің "Сауда-саттықты өткізу қағидалары" атты ішкі құжатының 13- тарауы, 77-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес, көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеуге арналған тізілімді бекіту туралы ақпараттың алынуына байланысты сауда-саттық тоқтатылды.
[2026-09-25]