KZ
RU
EN
26 қыркүйек 2026, 10:17
KZ
RU
EN
Кіру
24.09.2026 17:04 #Қаржы құралдары

25 қыркүйектен бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ облигацияларының үш шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін болады

/KASE, 24.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 23 қыркүйегінде облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) келесі облигацияларын енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00020121 (SKKZb37; 1 000 KZT, 65,0 млрд KZT; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + тиянақталған купон; 30/360);

2) KZ2C00020139 (SKKZb38; 1 000 KZT, 76,0 млрд KZT; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + тиянақталған купон; 30/360);

3) KZ2C00020147 (SKKZb39; 1 000 KZT, 76,0 млрд KZT; 15 жыл; құбылмалы жарты жылдық купон, TONIA Compounded Index + тиянақталған купон; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 25 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 27 тамызында 1,0 трлн KZT сомасына тіркелген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ төртінші облигациялық бағдарламасы шегінде 26-шы, 27-ші және 28-ші болып табылады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-24]