24 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 23.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 қыркүйегінен бастап есептесу күні 2026 жылдың 13 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық режимдерінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) US912810TW80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US159_4311);
2) US912810TL26 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_72_5211).
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2026 жылдыңы 16 қарашасынан бастап қайта басталады.
KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2026-09-23