23 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 23.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қыркүйегінен бастап KASE-де келесі облигациялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002517 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK120_251);
2) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002699 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK120_269);
3) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002848 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK120_284).
Сауда-саттық KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 1) тармақшасына сәйкес KASE көрсетілген облигацияларды толық мерзімінен бұрын өтеу туралы хабарлама алуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-09-23]