22 қыркүйектен бастап екі атаудағы халықаралық облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 22.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдығң 22 қыркүйегінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигациялары енгізіледі:
1) US912810RJ97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_07_4411) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі;
2) US912810SY55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_08_4105) – Т+ Тізімі және Т+ Қамтамасыз ету тізімі.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2026-09-22]