23 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015956 (KZIKb43) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 22.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 23 қыркүйегінен бастап "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015956 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb43; 1 000 KZT, 50,0 млрд KZT; 16.09.26-16.09.30; жылдық купон, жылдық 16,10%; 30/360) әлеуметтік облигацияларымен KASE – де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – KZT.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-09-22]