KZ
RU
EN
21 қыркүйек 2026, 20:15
KZ
RU
EN
Кіру
21.09.2026 16:55 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және KazMunaiGaz Finance Sub B.V. XS1807300105, US48667QAQ82 (KMGZe14) халықаралық облигацияларын сатып алу туралы ұсыныстың нәтижелерін жариялайды

/KASE, 21.09.26/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 21 қыркүйек – "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ("Эмитент") және KazMunaiGaz Finance Sub B.V. («KMG Finance» және Эмитентпен бірге – "Ұсыныс бастамашылары") бүгін Эмитенттің 2030 жылы өтеу мерзімі бар, 5,375% мөлшерлемелі айналымдағы облигацияларын ("Облигациялар", ал осындай ұсыныс – "Сатып алу туралы ұсыныс") қолма-қол ақшаға сатып алу жөніндегі бұрын жарияланған ұсынысының соңғы нәтижелерін жариялайды.

Ұсыныс бастамашылары 2026 жылғы 19 тамыздағы сатып алу туралы ұсыныста ("Сатып алу туралы ұсыныс") көрсетілген талаптармен және шарттарға сәйкес Сатып алу туралы ұсынысты жасады. Осы хабарландыруда бас әріппен жазылатын және өзгеше айқындалмаған терминдер Сатып алу туралы ұсыныста оларға берілген мағыналарға ие.

2026 жылғы 3 қыркүйекте бұрын хабарланғандай, Мерзімінен бұрын ұсыну мерзімі ішінде Ұсыныс бастамашылары 2030 жылы өтеу мерзімі бар, 5,375 % мөлшерлемелі Облигацияларды 500 000 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы негізгі сомасына ("Қабылданған облигациялар") сатып алуға қабылдады. Бұл ретте Мерзімінен бұрын ұсыну мерзімі ішінде сатып алуға ұсынылған Облигациялардың жиынтық негізгі сомасына тиісті пропорционалды бөлу коэффициенті қолданылды. Мерзімінен бұрын есеп айырысу күні Ұсыныс бастамашылары Қабылданған облигацияларға қатысты Мерзімінен бұрын ұсынғаны үшін төлемді, сондай-ақ есептелген пайыздарды қамтитын Жалпы төлем сомасын төледі.

Мерзімінен бұрын ұсыну мерзімі ішінде сатып алуға ұсынылған Облигациялардың негізгі сомасы жиынтық түрде 500 000 000 АҚШ долларынан (бұл Сатып алудың максималды сомасы болып табылады) асып кеткендіктен, Мерзімінен бұрын ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ 2026 жылғы 18 қыркүйекте Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін ("Ұсыныстың аяқталу уақыты") сатып алуға ұсынылған Облигациялардың ешқайсысы сатып алуға қабылданған жоқ.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі хабарламаның толық нұсқасы – толығырақ

[2026-09-21]