22 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
/KASE, 21.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 қыркүйегiнен бастап KASE-де есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 қазанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде жасалатын репо операциялары бойынша Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global" секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 19 қазанынан бастап қайта басталады.
KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2026-09-21]