KZ
RU
EN
21 қыркүйек 2026, 13:46
KZ
RU
EN
Кіру
18.09.2026 19:41 #Клирингілік орталықтың жаңалықтары

21 қыркүйектен бастап АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигациялары екі атаудан Т+ Тізімінен және Т+ Қамтамасыз ету тізімінен шығарылады

/KACC, 18.09.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізімінен (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигациялары алынып тасталады:

1) US912810RJ97 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_07_4411);

2) US912810SY55 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_08_4105).

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т + Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ

[2026-09-18]