21 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 18.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 19 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін, Microsoft Corporation US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 23 қарашасынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 06 қазанына және одан кейінгі күндерге келетін, JPMorgan Chase & Co US46625H1005 (сектор "KASE Global", JPM_KZ), сауда саттық 2026 жылдың 08 қазанынан бастап қайта басталады.
KASE "Сауда-саттықты жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 тарауының 77 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2026-09-18]