16 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Nebius Group N.V. NL0009805522 (NBIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 16.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Nebius Group N.V. NL0009805522 ("KASE Global" секторы, NBIS_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген.
Осы тақырып бойынша бұрын 2026 жылдың 10 қыркүйегіндегі KASE жаңалығы жарияланған болатын "10 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында Nebius Group N.V. NL0009805522 (NBIS_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады" – толығырақ
[2026-09-16]