KZ
RU
EN
16 қыркүйек 2026, 13:40
KZ
RU
EN
Кіру
16.09.2026 12:59 #Қаржы құралдары

"DALEX DEVELOРМЕNТ" ЖШС KZ2P00019466 (DALXb1) облигациялары 16 қыркүйектен бастап баламалы алаңның" облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 16.09.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) листингтік комиссиясы 2026 жылдың 14 қыркүйегінде "DALEX DEVELOРМЕNТ" (Алматы) KZ2P00019466 (DALXb1; $100, $1,3 млн; 1 жыл 6 ай; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялардың баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 11 тамызында 2,5 млн АҚШ доллары сомасына тіркелген "DALEX DEVELOРМЕNТ" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"DALEX DEVELOРМЕNТ" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ болып табылады.

"DALEX DEVELOРМЕNТ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-16]