"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Moody's Ratings"агенттігі банктің рейтингтік бағаларын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"
/KASE, 15.09.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылғы 9 қыркүйекте Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі — Moody's, Агенттік) Halyk Bank-тің (бұдан әрі — Банк) ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін "Тұрақты" болжаммен "Baa1" деңгейінде растады. Сондай-ақ контрагенттің тәуекел рейтингтері мен бағалаулары "Baa1"/"Prime-2" деңгейінде және кредиттік қабілеттіліктің базалық бағасы (BCA) "ba1" деңгейінде расталды.
Рейтингтердің расталуы Moody's-тің Банктің тұрақты капитализациясы мен табыстылығына, сондай-ақ өтімділіктің жоғары деңгейіне берген бағасын көрсетеді. 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша TCE/RWA коэффициенті 18,5%-ды, өтімділік буфері жиынтық активтердің 27 %-ын құрады. 2024 жылдан бері Банктің орташа активтерінің рентабельділігі 4 %-дан асып отыр және Агенттік алдағы 12–18 айда бұл көрсеткіштердің жоғары деңгейде сақталатынын күтеді.
Банктің жүйелік маңыздылығы мен клиенттердің жоғары сеніміне негізделген мықты франшизасы жоғары комиссиялық кірістерді, қорландырудың төмен құнын және жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді. 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша проблемалық заемдардың үлесі жалпы кредиттік портфельдің 8,6%-ына дейін өсті; Агенттіктің болжамы бойынша, андеррайтингтің консервативті стандарттары, заемшылардың кредиттік қабілеттілігінің жақсаруы және экономикалық өсімнің жалғасуы аясында активтердің сапасы алдағы 12–18 айда шамамен 8–9% деңгейінде тұрақтанады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-09-15]