KZ
RU
EN
14 қыркүйек 2026, 20:20
KZ
RU
EN
Кіру
14.09.2026 17:16 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Fitch Ratings агенттігінің "Тұрақты" болжаммен банктің рейтингтерін растағанын хабарлады

/KASE, 14.09.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 9 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің шетел және ұлттық валюталардағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін "BBB-" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты". Сондай-ақ агенттік Банктің тұрақтылық рейтингін "BBB-" деңгейінде және ұлттық ұзақмерзімді рейтингін "AA+(kaz)" деңгейінде растады.

Fitch Ratings рейтингті қолдайтын негізгі факторлар Halyk Bank-тің Қазақстанның банк секторындағы мықты нарықтық позициялары, табыстылығы, жеткілікті капиталдандырылуы және өтімділігінің жоғары деңгейі екенін атап өтеді. Агенттіктің пікірінше, "Тұрақты" болжам Halyk-тің кредиттік көрсеткіштері орта мерзімді перспективада жоғары деңгейде қалады деген күтуді көрсетеді.

Fitch Halyk-тің активтер, кредиттер және депозиттер бойынша шамамен 29– 30 % нарық үлесімен Қазақстанның банк секторында жетекші позицияларға ие екенін, сондай-ақ тұрақты бизнес-моделі және корпоративтік, сол сияқты бөлшек кредиттеуде мықты позициялары бар екенін атап көрсетеді, бұл Банкке бүкіл экономикалық цикл бойы жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді. Агенттік сондай-ақ несие портфелінің теңгерімді құрылымын атап өтеді, онда корпоративтік кредиттеуге қарыздардың жиынтық көлемінің шамамен жартысы, бөлшек кредиттеуге – 34 %, ШОБ кредиттеуге – 17 % тиесілі, бұл ретте жекелеген қарыз алушыларға шоғырлану ірі қарыз алушылардың жақсы сапасы және өтімді кепілмен сенімді қамтамасыз етілуі есебінен теңестіріледі.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2026-09-14]