KZ
RU
EN
20 қыркүйек 2026, 14:43
KZ
RU
EN
Кіру
14.09.2026 10:52 #Индекстер мен индикаторлар

14 қыркүйектен бастап KASE KASE_ESGB* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімінен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008068 (FRMPb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 14.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап KASE_ESGB* сериясының индикаторларын есептеу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның KZ2C00008068 (FRMPb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты өкілдік тізімінен алып тастады.

2026 жылдың 14 қыркүйегінен бастап KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 24 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_ESGB_CP –, жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есептемегенде бағалар бойынша есептелетін, ESG-облигациялардың "таза" бағалар индексі, %.

KASE_ESGB_DP – есептелген купондық сыйақы мен қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін ESG-облигациялардың "таза емес" бағалар индексі, %.

KASE_ESGB_Y – ESG-облигациялардың кірістілік индикаторы, %.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-09-14]