11 қыркүйектен бастап Азия даму банкінің XS3493437548 (ASDBe27) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді
/KASE, 11.09.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылғы 08 қыркүйектегі шешімімен Азия даму банкінің шығарылуы жоспарланған XS3493437548 халықаралық облигацияларын (ASDBe27; 1 000 KZT; 18,8 млрд KZT; 16.09.26 – 16.10.29; жартыжылдық купон, жылдық 14,90 %; actual/365) KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді.
Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы – "Tencor Securities" АҚ.
Басқарманың осы шешімі 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-09-11]